Шектеу іс-шараларын алу және Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23655 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2-8/54 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан "Миялытау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шилібөгет жайылымы аумағында жылқылардың ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8067 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Әйтеке би ауданының "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Амитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады