Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 8067 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 21.07.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2-8/12 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан "Миялытау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шилібөгет жайылымы аумағында жылқылардың ринопневмониясы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Әйтеке би ауданының "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Амитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады