Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 8236 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 06.12.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 2-14/43 ұсынысы негізінде, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі Ақжар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен;

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі И. Косдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады