Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Шәңке" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шілдеде № 23557 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 12.08.2021 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Құмжарған ауылы "Шәңке" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ш. Берсиев атындағы
ауылдық округінің әкімі
А. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады