Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25582 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 01-24/383 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының жеке секторы "Ященко" табынының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23534 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының әкімі С. Жаугашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады