Шектеу іс-шараларын белгілеуді алу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 9776 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-20/1082 ұсынысы негізінде Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Рыспай ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ошақтарын жою бойынша ветеринариялық шаралар кешенін өткізгеннен кейін шектеу шаралары алып тасталсын.

      2. Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 26 тамыздағы № 8 шешімінің (2020 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9426 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заречный ауылдық округінің әкімі Н. Исмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады