Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 1-21-03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 мамырда № 22822 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 1-21-06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 22.09.2021 № 1-21-06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 2-19/107 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округінің әкімі Ж. Мажитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады