Шектеу іс –шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округ әкімінің "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы № 1-21-03 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 1-21-06 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24539 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 2-19/170 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық- санитарлық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округ әкімінің "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы № 1-21-03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22822 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округінің әкімі Ж. Мажитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады