Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" №8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24497 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1- тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 03 тамыздағы № 1-13/341 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Урлітүб ауылының "Урлютюб" шаруа қожалығы аумағында құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22912 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Прииртышск ауылдық округінің әкімі К. Баужанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады