Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 1-11/07 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24298. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1-11/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 23.12.2021 № 1-11/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 2-19/220 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округі Тілеубай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байқоныс ауылдық округінің әкімі Д. Молдагельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады