Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 1-03-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 маусымда № 23179 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 22.10.2021 № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 2-36/154 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 22.10.2021 № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеңгер ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады