Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 199 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 4950 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 30.09.2021 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 08-5/201 хатына сәйкес, Еркінқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еркінқала ауылдық округіне қарасты Сарыөзек учаскесінің тұрғыны У. Махамбетовтың мүйізді ірі қара малынан құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еркінқала ауылдық
округінің әкімі
М. Кумаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады