Шектеу іс-шараларын тоқтату және Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 199 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 734 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24627 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және Атырау қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 08-5/355 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі Сарыөзек учаскесінің тұрғыны У. Махамбетовтың жеке ауласының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 199 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4950 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркінқала ауылдық
округінің әкімі
М. Кумаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады