Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 106 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26250 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 18

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 24.03.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 11-10/271 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сағыз ауылдық округінің әкімі Н. Әбишан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады