Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 106 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 18 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27351 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11-10/55 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея аурулардың жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 106 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26250 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сағыз ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Мақсотов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады