Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 25 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шілдеде № 23537 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 20.10.2021 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 мамыр күнгі № 12-11/126 санды № 5 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жеке кәсіпкер Б. Муханбетжановтың мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты, Құмарғали ауылы Майдангер көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теңіз ауылдық округінің әкімі А. Баймуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады