Шектеу іс-шараларын тоқтату және Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 25 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 61 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24896 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Құрманғазы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 10 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округінің Құмарғали ауылы Майдангер көшесінің аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 25 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23537 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі К. Махсутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады