Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6112 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің 21.06.2021 № 34 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасынның 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 09 наурыз № 08-02-07/73 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алғабас ауылдық округі Таңатар елді мекені Ж.Қауымбаев көшесінің тұрғыны Қ.Алиевтің уақ малынан "бруцеллез" ауруының анықталуына байланысты, Таңатар елді мекені Ж.Қауымбаев көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі Қ. Төлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады