Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 34 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 маусымда № 23156 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 08-02-07/143 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. К.Алиевтің мүйізді ұсақ малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің толық жүргізілуіне байланысты Алғабас ауылдық округі Таңатар ауылы, Ж.Қауымбаев көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Алғабас ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6112 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) оның ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округ әкімі Қ. Төлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады