Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 38 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 мамырда № 6184 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 54 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 29.07.2021 № 54 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 02-05/249 ұсынысы негізінде Қазығұрт ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округ әкімі Қ. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады