Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 38 "Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 54 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23771 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 02-05/390 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесі № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 38 "Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6184 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) оның ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт ауылдық округінің әкімі К. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады