Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 21 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 шілдеде № 23477 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің 14.10.2021 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 08-02-07/199 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің жайылымның мал қорасы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,
      Әлімтау ауылдық округі әкімі З. Маликов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады