Шектеу іс-шараларын тоқтату және Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 32 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24797 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 қазандағы № 06-02-07/304 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің жайылымның мал қорасы аумағында, бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23477 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,
      Әлімтау ауылдық округі әкімі З. Маликов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады