Шектеу іс-шараларын алып тастау және Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 238 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23802 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 08-02-07/204 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Қарабұлақ елді мекені № 19 үй аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6144 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады