Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 104 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 6144 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 29.07.2021 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 08-02-07/124 хатына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекені № 19 үй аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А. Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады