Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық елді мекені Бейбітшілік көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 9 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 13 сәуірде № 6160 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/76 ұсынысы негізінде, Қоғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі № 85 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі (№ 85 үй – № 118 үй аралығы) 27 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоғалы ауылдық округінің әкімі К. Кипшахов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады