Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 5 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 сәуірде № 6149 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 12 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 01.07.2021 № 12 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-03/101 ұсынысы негізінде Бірлік ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекені Ақорда көшесі № 7 үй тұрғыны Г.Сариеваның 1 бас уақ малының сынамасы бактериологиялық зерттеу нәтижесінде "бруцеллез" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Ақорда көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі О. Аристанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады