Шектеу іс-шараларын алып тастау және Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 06 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 12 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23435 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 01 маусымдағы № 08-02-03/160 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Уақ малдың бруцеллез ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекенінің Ақорда көшесіндегі шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 06 сәуірдегі № 5 "Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік елді мекенінің Ақорда көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6149 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі О. Аристанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады