Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27725 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 4222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 05.08.2022 № 4222 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5-2/108 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданының "Садовое" тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады