Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30154 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2-7/132 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінің Аққұм ауылы аумағында мүйізді ірі қара малының бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28288 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жабасақ ауылдық округінің әкімі А. Акмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады