Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 сәуірде № 27809 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 02-08-04/84 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26941 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көлтабан ауылдық округінің әкімі С. Бітімбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады