Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27266 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 06-05-02-16/91 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылының аумағында ірі қара малдың арасында жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоянды ауылдық округінің әкімі С. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады