Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылы әкімінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № 3 "Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28675 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 02-13-357 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан құтырық ауруын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылы әкімінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № 3 "Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27399 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кертінді ауылының әкімі Г. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады