Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Пыштахан" қыстағына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 07 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қыркүйекте № 29393 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 456 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Пыштахан" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын. 2. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 07 "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Пыштахан" қыстағына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4014 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Екпін ауылдық округінің әкімі А. Караталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады