Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қаңтарда № 26639 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 01 қазандағы № 513 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 9 "Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты "Заңғар-Н" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23638 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сәтпаев ауылдық округінің әкімі А. Ерзатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады