Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 101 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы № 58 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32436 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет саласын бақылау мәселелерін жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
__________Д. Жазыкбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 58 мен Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 101 Бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5 және 6-тармақтары мен 143-бабы 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектісіне бару арқылы тексерулерді және профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды іріктеуі үшін қабылданды.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      2) елеусіз бұзушылықтар – мемлекеттік қызметке кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, оларды материалдық қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауға, мемлекеттік органдарда өзге де тұлғалар қызметінің мәселесіне қатысты қоғамдық қатынастарды сақтауға әсерін тигізбейтін Заңмен, Әдеп кодексімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзушылықтары;

      3) елеулі бұзушылықтар - мемлекеттік қызметке кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, оларды материалдық қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауға, мемлекеттік органдарда өзге де тұлғалар қызметінің мәселесі, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізбейтін Заңмен, Әдеп кодексімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзушылықтары, сондай-ақ "персоналды басқару" бағыты бойынша жыл сайынға бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз қызметі;

      4) өрескел бұзушылықтар – мемлекеттік қызметке кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, оларды материалдық қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауға, мемлекеттік органдарда өзге де тұлғалар қызметінің мәселесі, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын қоғамдық қатынастарды сақтауға айқын кері әсерін тигізетін Заңмен, Әдеп кодексімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзушылықтары, сондай-ақ "персоналды басқару" бағыты бойынша жыл сайынға бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз қызметі;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      7) объективті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - объективті өлшемшарттар) – тәуекел дәрежесіне қарай мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп саласындағы бақылау субъектілерін іріктеу үшін Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қолданылатын, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің қолайсыз жағдай орын алу мүмкіндігімен байланысты мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп саласындағы бағалау өлшемшарттары;

      8) субъективті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттары) – нақты бақылау субъект қызметінің қорытындысына қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері қолданатын, мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп саласындағы бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      4. Автоматтық режимде тәуекелдерді басқару және бағалаудық ақпараттық жүйесінде жарты жылға қалыптастырылатын тізім қалыптастыру жағдайын қоспағанда, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау, Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес, реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      6. Объективті критерийлерді анықтау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша жоғарғы тәуекелдер дәрежесіне бақылау субъектілері жатады:

      1) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізгендер;

      2) азаматтарды конкурстан тыс мемлекеттік қызметке тағайындаған;

      3) мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүргізгендер;

      4) мемлекеттік қызметшілерді оқуға жолдағандар;

      5) мемлекеттік қызметшілердің аттестациясын өткізгендер;

      6) мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тартқандар;

      7) қайта ұйымдастырылған, штат саны қысқартылған, басқарма құрылымы өзгертілген, лауазымдар атауы өзгертілгенде, сонымен қатар, басқа мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат саны берілген, оның ішінде мемлекеттік органның таратылған немесе және қайта ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілгенде;

      8) шетел азаматтарын жұмысқа тартқандар;

      9) әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың біліктілік талаптарын өзгерткендер;

      10) мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босатқандар;

      11) азаматтардың мемлекеттік лауазымға қалпына келтірілгендер;

      12) бір жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде, интернет ресурстарында), бақылау субъектіледің қызметтеріне не мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты, қоғамдық резонансы бар жағымсыз материалдардың болуы;

      13) бір жыл ішінде, мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп нормаларының талаптарын сақтау бойынша үш немесе одан да көп тексерулер жүргізілген жағдайда;

      14) бір жыл ішінде, осы бақылау субъектілерінің мемлекеттік қызметшілері іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе қызметіне қатысты үш немесе одан да көп шағымдар түскен жағдайда;

      15) әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер;

      16) сот үкімі бойынша қылмыстық іске тартылған мемлекеттік қызметшілер;

      17) сот үкімі бойынша жемқорлық іске тартылған мемлекеттік қызметшілер;

      18) ұйымдастырушылық даму тиімділігіне бағалау жүргізілуіне қатысты.

      Бақылау субъектілер объективті өлшемшарттарынан жоғарғы тәуекелге жатқызылған жағдайда, бақылау субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъектівті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау келесі кезеңдерді қолданумен жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпараттарды жинау;

      2) ақпаратты және тәуекел бағасын талдау.

      9. Бақылау субъектілердің (бақылау субъектілердің мемлекеттік қызметшілері) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет пен қызметтік әдеп нормаларының талаптарын бұзғанын анықтау мақсатында, деректер базасын және ақпараттарды жинау қажет. Осы ақпараттарды дұрыс қолданылуға, мемлекеттік бақылауды және Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің ресурстарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:

      1) Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің алдыңғы тексерулері мен профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен жүргізілетін, бақылау субъектілерімен берілетін мониторинг есептері мен ақпараттың нәтижелері, оның ішінде автоматты ақпараттық жүйесі бойынша;

      3) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік қызметшілердің кінәләрі негізінде қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқару жүйесіне сын туғызған жағымсыз оқиғалардың болуы;

      4) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамау және мемлекеттік қызмет саласында заңнама талаптарын бұзғанына бақылау субъектілеріне қатысты заңды және жеке тұлғалардың дәлелденген өтініштерінің және арыздарының болуы мен саны;

      5) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары, бұқаралық ақпарат құралдарының талдауы;

      6) уәкілетті органдардың және ұйымдардың ұсынатын, сондай-ақ, өзге де ақпарат көздерінен алатын мәліметтерін талдау нәтижелері.

      10. Ақпарат көздерінің негізінде, Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелері бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау мен бағалау бақылау субъектіге қатысты аса ықтимал тәуекелімен, субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылауға баса назар аударуға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте, талдау мен бағалауда нақты бақылау субъектілеріне қатысты бұдан бұрын қолданылған және ескертілген немесе Қазақстан Республиасының заңнамасында көзделген талап мерзімі өткен жағдайда, субъективті өлшемшарттардың анықтамалары қолданылмайды.

      11. Бақылау субъектісін Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің келесі тәртібі қолданылады.

      Қосымшаға сәйкес мемлекеттік орган көздерден субъективті критерийлер бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

      12. Субъективті критерийлер мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы туралы салалардағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлеріне сәйкес сақталмауы белгілі бір бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парағының талаптары негізінде әзірленеді. Әрбір талапқа қатысты тексеру парақтарынан бұзушылық дәрежесі айқындалады – өрескел, елеулі және болмашы.

      Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері осы Критерийлерге қосымшада баяндалған.

      13. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда.

      14. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР"3" – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,"3" коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,"3",

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР"3" – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиі емес.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару

      16. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;

      2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен басқа да бекіту құрылғыларының болуы (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) жатады.

      Бұл ретте бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатуды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар олар бойынша деректер жеңілдететін индикаторларда көрсетілген тәсілдермен алынған талаптар бөлігінде жүзеге асырады.

5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      18. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      _________________

  Мемлекеттік органдардың
мемлекеттік қызмет саласындағы
заңнаманы сақтаудағы және
мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдеп нормаларын
сақтаудағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Субъективті өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі *

Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің алдыңғы тексерулері мен профилактикалық бақылау нәтижелері

1

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

2

"Б" корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуда ішкі конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

3

"Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу рәсімдерін конкурс өткізбей ауысу тәртібімен сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

4

Мемлекеттік органың құру кезеңінде азаматтарды жұмысқа қабылдауда заң талартарының сақтауын қамтамасыз етпеу

Өрескел

5

Мемлекеттік органға шетел азаматтарын жұмысқа тарту бойынша талаптарды сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

6

Мемлекеттік қызметке кіру шарттарының сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

7

Мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріліп әзірленген және лауазымды адам (орган) уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының болмауы

Өрескел

8

Қазақстан Республикасының заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдамау

Өрескел

9

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз етпеу

Өрескел

10

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде сынақ мерзімін белгілеу жөніндегі шарттардың сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

11

Арнайы тексеру жүргізу бойынша шарттардың сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

12

Мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын беруді қамтамасыз етпеу

Елеулі

13

Лауазымдық өкілеттіктерін нұсқаулықтарды жасау және бекіту тәртібін қамтамасыз етпеу

Елеулі

14

Персоналды басқару қызметтерінің уәкілетті органмен бекітілген (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтыру және қызметтік тізім нысанын қамтамасыз етпеу

Елеулі

15

Әлеуметтік және құқықтық қорғау бөлігінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етпеу

Елеулі

16

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу

Өрескел

17

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу заң талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

18

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз етпеу

Елеулі

19

Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек демалысын ұсынц кезінде талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

20

Мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін сақтауын қамтамасыз етпеу

Өрескел

21

Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылықты қамтамасыз етпеу

Өрескел

22

Лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және(немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тыйым салынуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

23

Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиістігін сақтамауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет бойынша жоғары тұрған басшының жазбаша түрде келісілген өкімдерін орындамау, егер де оны орындау кезінде іс-әрекеті қылмыстық жазаланатын әрекетке жатқызылатын болса. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындамауының салдары үшін осы өкімді растаған басшының жауапты болуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

24

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

25

Мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасамамауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

26

Саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

27

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тартуда тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

28

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмысты оған тікелей бағынысты мемлекеттік қызметші жасағаны үшін, тәртіптік жауаптылыққа тару бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

29

Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде талаптарды сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

30

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін бағалауды жүргізуді қамтамасыз етпеу

Өрескел

31

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру) тәртібін және мерзімін сақтауын қамтамасыз етпеу

Елеулі

32

Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасының тәртібі мен мерзімі сақталуын қамтамасыз етпеу

Елеулі

33

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органадарға және басқа да ұймдарға іссапарға жіберу тәртібін сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

34

Мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарлар шығыстары өтелеу талаптырын сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

35

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу кезінде заң талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

36

Мемлекеттік қызметшіге қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде мемлекеттік лауазымға ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша орналасуына жол берiлмеуін сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

37

Мемлекеттік қызметшіге басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкіндігін және мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы белгілену талаптарын сақталуын қамтамасыз етпеу

Елеулі

38

Мемлекеттік қызметші мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталуын қамтамасыз етпеу

Өрескел

39

Әдеп жөнiндегi уәкiлінің қызметті және (міндеттерді жүктеу) тағайындауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

40

"А" корпустағы мемлекеттік қызметшілердің ротациялау кезінде заңмен белгіленген талаптарды қамтамасыз етпеу

Өрескел

41

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату кезінде заңды сақтауды қамтамасыз етпеу

Өрескел

42

"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметте мемлекеттік қызметті кайта құру кезінде заңды сақтауды қаматамасыз етпеу

Елеулі

43

"Б" корпустағы мемлекеттік қызметшілердің ротациялау кезінде заңмен белгіленген талаптарды қамтамасыз етпеу

Елеулі

44

Мемлекеттік қызметшілерді аттестатау кезінде қайта қалпына келтіру тәртіптерін сақтауды қамтамасыз етпеу

Елеулі

45

Мемлекеттік саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен қиыстыру барысында шектеулерді сақтауды қамтамасыз етпеу

Елеулі

46

Мемлекеттік саяси қызметшінің мелекеттік лауазымды тоқтату бойынша негіздерін сақтауды қамтамасыз етпеу

Елеулі

47

Мемлекеттік саяси қызметшінің жұмыстан кету мен лауазымды босату бойынша негіздерін сақтауды қамтамасыз етпеу

Елеулі

48

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымынан тоқтату бойынша негізгі талаптырының және шарттарының негіздерін сақтауды қамтамасыз етпеу

Елеулі

49

Мемлекеттік қызметке тұлғалардың қайта орналасу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етпеу

Елеулі

Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен жүргізілетін, бақылау субъектілерімен берілетін мониторинг есептері мен ақпараттың нәтижелері, оның ішінде автоматты ақпараттық жүйесі бойынша

50

Әдеп жөніндегі уәкілдің өз қызметі бойынша есебінің уақтылы және анық емес ұсынылуы

Елеулі

51

Тәртіптік комиссия жұмысының есебін мерзімін бұзып және анық емес берілуі

Елеулі

Мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік қызметшілердің кінәләрі негізінде қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқару жүйесіне сын туғызған жағымсыз оқиғалардың болуы

52

Бақылау субъектілерімен азаматтардың шағымдарына қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіретін жауап беру

Өрескел

53

Бақылау субъектілерімен түсіндіру және интервью беру арқылы қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

54

Бақылау субъектілерімен Мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

55

Бақылау субъектілерімен өзіне жүктелген функцияларын жеткіліксіз орындаумен қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

56

Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметшілермен әдепсіз іс-әрекеттерімен қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

57

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытында қоғамсыз іс-әрекеттерімен қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

58

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытында, мас күйінде адамның қадір-қасиетін және қоғам адамгершілігін қорлауда қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

59

Мемлекеттік қызметшілердің жол-көлік апаттарын жасауда қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқарма жүйесіне сын келтіру

Өрескел

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамау және мемлекеттік қызмет саласында заңнама талаптарын бұзғанына бақылау субъектілеріне қатысты заңды және жеке тұлғалардың дәлелденген өтініштерінің және арыздарының болуы мен саны

60

Бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп расталған өтініштерінің бар болуы

Өрескел

61

Бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп ішінара расталған өтініштерінің бар болуы

Елеулі

62

Агенттік Төрағасының блогына келіп түскен бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп расталған өтініштерінің бар болуы

Өрескел

63

Агенттік Төрағасының блогына келіп түскен бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп ішінара расталған өтініштерінің бар болуы

Елеулі

64

Бақылау субъектілерінің бірінші басшыларының блогына келіп түскен олардың мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп расталған өтініштерінің бар болуы

Өрескел

65

Бақылау субъектілерінің бірінші басшыларының блогына келіп түскен олардың мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 3 және одан да көп ішінара расталған өтініштерінің бар болуы

Елеулі

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары, бұқаралық ақпарат құралдарының талдауы

66

Бақылау субъектілердің ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару жөніндегі тиісті ақпараттың болмауы

Өрескел

67

Бақылау субъектілердің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік лауазымға өткізілетін конкурс туралы тиісті ақпаратты болмауы

Өрескел

68

Бақылау субъектілерінің ресми интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы тиісті ақпараттың болмауы

Өрескел

69

Бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау субъектілерінің немесе мемлекеттік қызметшілердің қызметін сынаудың болуы

Өрескел

70

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қзметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты жария ету

Өрескел

71

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа айыпталған мемлекеттік қызметкердің бас тартуының жоқтығы

Өрескел

72

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез-құлықты айыптауы болуы

Өрескел

Уәкілетті органдардың және ұйымдардың ұсынатын, сондай-ақ, өзге де ақпарат көздерінен алатын мәліметтерін талдау нәтижелері

73

Бақылау субъектілерімен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесін сақтамау

Өрескел

74

Бақылау субъектілерімен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқтарын сақтамау

Өрескел

75

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқауларының жеткіліксіз бекіту

Елеулі

76

Мемлекеттік қызметшілерді жұмыс орнында сыйлықтардың болуы және оларды қабылдау

Өрескел

77

Мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз іс-әрекеттері

Өрескел

78

Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде ресми емес мақсаттар үшін автомобильдерді пайдалану

Өрескел

79

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқ қалуымен еңбек тәртібін сақтамауы

Өрескел

80

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау бойынша бағытталған бақылау субъектілердің іс-шараларын (семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық тәрбие және т.б.) өткізбеу.

Елеулі

81

"Персоналды басқару" бағыты бойынша жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігінің төмендігі

Елеулі

82

"Персоналды басқару" бағыты бойынша жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз қызметі

Өрескел

83

Бақылау субъектісінде бір жыл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот актісі күшіне енген қызметкерлер тізіміне сәйкес мемлекеттік қызметшілерінің жалпы санының 5 немесе одан да көп пайызы бар ақпарат

Өрескел

84

Бақылау субъектісінде Мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерi жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы сот актiсiнің күшіне енген , олардың штат саны кестесiне сәйкес бақылау субъектiсiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң жалпы санының 5 және одан да көп пайызы болуы

Өрескел

85

Бір жыл ішінде Бақылау субъектісінде мемлекеттік қызметшілермен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың 3 немесе одан да көп фактілерінің болуы

Өрескел

86

Бір жыл ішінде Бақылау субъектісінде Мемлекеттік қызметшілердің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды 3 және одан да көп фактілерінің болуы

Өрескел

87

Уәкілетті орган бекітілген, әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық есебінің типтік нысандарына Әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық есебін жүргізу құжаттарының сәйкес келмеуі

Болмашы

88

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін бір жыл ішінде 1-ден 3-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің бар болу

Елеулі

89

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін бір жыл ішінде 3-тен 5-ке дейін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілерінің бар болуы

Өрескел

90

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет саласындағы өткен тексерулер мен басқа бақылау нысан нәтижелері бойынша қайталама бұзу

Өрескел

91

Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есептік мәліметтерде осы Критерийлердегі қаралған жағдайларды ескермегенде мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікте тарту бойынша 5 және одан да көп фактілердің бар болуы

Өрескел

92

Мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органың және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кірмейтін және заңнамада бекітілген тәртіпте қарастыру үшін уәкілетті мемлекеттік уәкілетті органдарға жолданған, мемлекеттік органдардың әрекетіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың 5 немесе одан да көп расталған шағымдардың бар болуы

Елеулі

93

Осы өлшемшарттарды қоспағанда, бақылау субъектісінде бір жыл ішінде 1-ден 9-ға дейінгі мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарының болуы

Елеулі

94

Осы өлшемшарттарды қоспағанда, бақылау субъектісінде бір жыл ішінде 10нан және көп мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарының болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 58 мен Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы 2023 жылғы
4 мамырдағы № 101
Бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтаудағы және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтауы тексеру парағы

      Мемлекеттік органға қатысты __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________ _______________________________________________________________ __________________________________________________________________ Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_____________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ №, күні Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________ ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындау тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету



2

"Б" корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуда ішкі конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету



3

"Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу рәсімдерін конкурс өткізбей ауысу тәртібімен сақтауды қамтамасыз ету



4

Мемлекеттік органың құру кезеңінде азаматтарды жұмысқа қабылдауда заң талартарының сақталуын қамтамасыз



5

Мемлекеттік органға шетел азаматтарын жұмысқа тарту бойынша талаптарды сақтауды қамтамасыз ету



6

Мемлекеттік қызметке кіру шарттарының сақталуын қамтамасыз ету



7

Мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріліп әзірленген және лауазымды адам (орган) уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының болуы



8

Қазақстан Республикасының заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келісімі бойынша лауазымға қабылдау



9

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету



10

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде сынақ мерзімін белгілеу жөніндегі шарттардың сақталуын қамтамасыз ету



11

Арнайы тексеру жүргізу бойынша шарттардың сақталуын қамтамасыз ету



12

Мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын беруді қамтамасыз ету



13

Лауазымдық өкілеттіктерін нұсқаулықтарды жасау және бекіту тәртібін қамтамасыз ету



14

Персоналды басқару қызметтерінің уәкілетті органмен бекітілген (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтыру және қызметтік тізім нысанын қамтамасыз ету



15

Әлеуметтік және құқықтық қорғау бөлігінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету



16

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларын қамтамасыз ету



17

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету



18

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету



19

Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек демалысын ұсынц кезінде талаптардың сақталуын қамтамасыз ету



20

Мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін сақтауын қамтамасыз ету



21

Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылықты қамтамасыз ету



22

Лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және(немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тыйым салынуын қамтамасыз ету



23

Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиістігін сақтамауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет бойынша жоғары тұрған басшының жазбаша түрде келісілген өкімдерін орындамау, егер де оны орындау кезінде іс-әрекеті қылмыстық жазаланатын әрекетке жатқызылатын болса. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындамауының салдары үшін осы өкімді растаған басшының жауапты болуын қамтамасыз ету



24

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауды қамтамасыз ету



25

Мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасамауды қамтамасыз ету



26

Саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз ету



27

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тартуда тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз ету



28

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмысты оған тікелей бағынысты мемлекеттік қызметші жасағаны үшін, тәртіптік жауаптылыққа тару бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету



29

Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде талаптарды сақтауды қамтамасыз ету



30

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтерін бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету



31

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру) тәртібін және мерзімін сақтауын қамтамасыз ету



32

Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасының тәртібі мен мерзімі сақталуын қамтамасыз ету



33

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органадарға және басқа да ұймдарға іссапарға жіберу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету



34

Мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарлар шығыстары өтелеу талаптырын сақтауды қамтамасыз ету



35

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу кезінде заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету



36

Мемлекеттік қызметшіге қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде мемлекеттік лауазымға ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша орналасуына жол берiлмеуін сақталуын қамтамасыз ету



37

Мемлекеттік қызметшіге басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкіндігін және мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы белгілену талаптарын сақталуын қамтамасыз ету



38

Мемлекеттік қызметші мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталуын қамтамасыз ету



39

Әдеп жөнiндегi уәкiлінің қызметті және (міндеттерді жүктеу) тағайындауды қамтамасыз ету



40

"А" корпустағы мемлекеттік қызметшілердің ротациялау кезінде заңмен белгіленген талаптарды қамтамасыз ету



41

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату кезінде заңды сақтауды қамтамасыз ету



42

"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметте мемлекеттік қызметті кайта құру кезінде заңды сақтауды қаматамасыз ету



43

"Б" корпустағы мемлекеттік қызметшілердің ротациялау кезінде заңмен белгіленген талаптарды қамтамасыз ету



44

Мемлекеттік қызметшілерді аттестатау кезінде қайта қалпына келтіру тәртіптерін сақтауды қамтамасыз ету



45

Мемлекеттік саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен қиыстыру барысында шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету



46

Мемлекеттік саяси қызметшінің мелекеттік лауазымды тоқтату бойынша негіздерін сақтауды қамтамасыз ету



47

Мемлекеттік саяси қызметшінің жұмыстан кету мен лауазымды босату бойынша негіздерін сақтауды қамтамасыз ету



48

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымынан тоқтату бойынша негізгі талаптырының және шарттарының негіздерін сақтауды қамтамасыз ету



49

Мемлекеттік қызметке тұлғалардың қайта орналасу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету



      Лауазымды адам (-дар) _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________ лауазымы қолы Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы_____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________ лауазымы қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады