Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 наурызда № 34168 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30186 болып тіркелген) Деректерді басқару жөніндегі талаптардың 54-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 75-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігініңҰлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 2 бұйрығына
қосымша

Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30186 болып тіркелген) Деректерді басқару жөніндегі талаптардың 54-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 75-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы)әкімшілік деректердің сапасын бағалау кезінде қолданады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) дата-бақылаушы – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тиісті салада және/немесе аяда білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік статистика мақсаттары үшін әкімшілік дереккөздер ұсынған сәйкес дерекқорларға қолжетімділігі бар, әкімшілік деректердің сапасынабағалауды жүзеге асыратын маман;

      2) деректер сапасын бағалау субъектісі (объектісі) – әкімшілік дереккөз және (немесе) оның дерекқоры;

      3) статистика жөніндегі әдіснамалық кеңес (бұдан әрі – Әдіснамалықкеңес) – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының консультативтік-кеңесші органы;

2-тарау. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібі

      5. Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің спасын бағалау мерзімді және жоспардан тыс нысанда жүзеге асырылады.

      6. Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын мерзімді бағалауды уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын уәкілетті адам бағалау жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін бекіткен әкімшілік деректердің сапасын бағалаудың жартыжылдық графигі (бұдан әрі – жартыжылдық график) негізінде дата-бақылаушылар жүргізеді.

      7. Жартыжылдық кестеге мыналарды қамтиды:

      1) жартыжылдық графикті бекіту күні;

      2) статистикалық тіркелімнің атауы;

      3) статистикалық тіркелімдерді өзектілендіруге арналған әкімшілік дереккөздің атауы;

      4) әкімшілік деректердің сапасын бағалау объектісінің атауы;

      5) деректер сапасына бағалау жүргізу кезеңі;

      6) Әдіснамалықкеңеске әкімшілік деректердің сапасы бойынша есепті (бұдан әрі – сапа бойынша есеп) ұсыну күні;

      7) графикке қол қоюға уәкілетті адамның қолы.

      8. Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын жоспардан тыс бағалау:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылықтың нақты фактілері бойынша құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылықтың нақты фактілері бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың жолданымдары, хабарлары немесе арыздары;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылықтың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларнегізінде жүргізіледі.

      Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын жоспардан тыс бағалау жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді.

      9. Дата-бақылаушы әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің сапасын бағалауды олардың "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына және Деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ әкімшілік дереккөздің дерекқорларын бірдей деректер жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен салыстыра тексеру және салыстыру арқылы жүргізеді.

      10. Дата-бақылаушы дерекқорларды салыстыру кезінде деректер алшақтығының маңыздылығын айқындайды және сапа бойынша есепте мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық дәрежесінің градациясына сәйкес деректердің алшақтық дәрежесін береді: елеусіз, елеулі.

      1) елеусіз бұзушылықтар:

      әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-ға дейін сәйкес келмеуіне;

      Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбауымен байланысты бұзушылықтар;

      2) елеулі бұзушылықтар:

      Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосымен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келіспеумен;

      әкімшілік дереккөздің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуымен;

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынбаумен;

      Деректерді басқару жөніндегі талаптармен белгіленген әкімшілік деректер сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмеуімен;

      ұсынылған дерекқорлардың Деректерді басқару жөніндегі талаптарда белгіленген деректерді қолдауға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуімен;

      уәкілетті орган ведомствосының шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі белгілеген талаптарын сақтамауы;

      әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-дан астам алшақтығымен байланысты бұзушылықтар.

      11. Әкімшілік деректердің сапасына жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша дата-бақылаушы сапа бойынша есепті қалыптастырады және оны электрондық құжат айналымы арқылы әкімшілік деректердің сапасын бағалауға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесімен келіседі. Сапа бойынша есепті толтыру құрылымы осы қағидаларда қосымшада келтірілген.

      12. Дата-бақылаушы сапа бойынша келісілген есепті Әдіснамалық кеңеске қарауға және бекітуге ұсынады.

      13. Сапа бойынша есепті бекіту және сапа бойынша есепке нақтылау және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы шешімді Әдіснамалық кеңес қабылдайды.

      14. Пысықталған сапа бойынша есепті дата-бақылаушы Әдіснамалық кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Әдіснамалық кеңеске жібереді.

      15. Заң талаптарын және (немесе) Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда дата-бақылаушы Әдіснамалық кеңес сапа бойынша есепті бекіткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытындыны әкімшілік деректердің сапасын бағалауға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесіне электрондық құжат айналымы арқылы жолдайды, онда:

      1) сараптамалық қорытындыны жасау орнынөмірі жәнекүні;

      2) әкімшілік дереккөздің атауы;

      3) деректер иесінің атауы;

      4) әкімшілік дереккөздің дерекқорының базасының атауы;

      5) бұзушылық дәрежесін көрсете отырып, мемлекеттік статистика саласында анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы ұсынымдар;

      6) әкімшілік деректердің сапасына бағалау жүргізген дата-бақылаушының тегі, аты, әкесінің аты;

      7) әкімшілік деректердің сапасына бағалау жүргізген дата-бақылаушының жұмыс телефоны және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

      16. Уәкілетті органның ведомствосы:

      елеусіз бұзушылықтар бойынша әкімшілік дереккөзге оларды жою туралы ұсынымдар жібереді;

      елеулі бұзушылықтар бойынша Заңға сәйкес әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізеді.

      17. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау нәтижелері әкімшілік дереккөз жағында талдауға жатады және Деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бастапқы деректер болып табылады.

  Әкімшілік деректердің
сапасын бағалау қағидаларына
қосымша

Сапа жөніндегі есепті толтыру құрылымы Сапа бойынша есеп ______________________________________________________ (деректер сапасын бағалау субъектісінің (объектісінің) атауы)

р/с

Есеп бөлімдері

Түсіндірмелер

1

Байланыс деректері:

Әкімшілік дереккөздің атауы және байланыс деректері (мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы) көрсетіледі.

1.1

Әкімшілік деректердіңменшік иесінің атауы

Әкімшілік деректердің меншік иесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған деректерді иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын іске асыратын субъект.

1.2

Мемлекеттік органның, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның немесе әкімшілік дереккөздің құрылымдық бөлімшесінің (әкімшілік деректерді иеленуші)атауы және байланыс деректері

Әкімшілік деректерді иеленуші – деректердіңменшік иесі заңда немесе келісімде белгіленген шектерде және тәртіппен деректерді иелену және пайдалану құқығын ұсынған субъект.

1.3

Әкімшілік дереккөздің дата-стюардының тегі, аты, лауазымы және байланыс деректері

Дата-стюард – әкімшілік дереккөздердегі деректерді басқаруға жауапты тұлға.

1.4

Жауапты құрылымдық бөлімше басшысының тегі, аты және байланыс деректері

Әкімшілік деректерді ұсынуға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының деректері көрсетіледі.

2

Кіріспе

Әкімшілік деректер сапасын бағалау субъектісінің (объектісінің) жалпы сипаттамасы:
1) әкімшілік деректер сапасын бағалау субъектісі (объектісі) жататын саланы, әкімшілік деректердіқолдану мақсаттары мен саласын айқындау. Уақыт өте келе жалпы сипаттамамен, нәтижелермен және олардың эволюциясымен бірге жүретін қысқаша тарихты жазу ұсынылады;
2) негізгі пайдаланушыларды және олардың қатысу тәсілдерін айқындау;
3) әкімшілік деректерді ұсынатын тұлғалар тобының сипаттамасы;
4) ақпараттың қажеттілігін анықтау.

3

Әкімшілік деректерді ұсыну

Әкімшілік деректерді ұсыну процесінің сипаттамасы.

3.1

Деректер сипаттамасы

Әкімшілі деректер жиынының сипаттамаларын сипаттау.

3.2

Деректерді жіктеу жүйесі

Объектілерді топтастыру немесе оларды жалпы сипаттамаларына қарай топтарға бөлу.
Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолдану сипаттамасы.

3.3

Әкімшілік деректерді жинау туралы жалпы мәліметтер

Сипаттама:
1) ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы;
2) әкімшілік деректерді жинау күндері;
3) әкімшілік деректерді жинау құралдары (деректерді жинауға арналған нысандардың индексі, ақпараттық жүйелер);
4) байқау типі (іріктемелі, жаппай, аралас).

3.4

Жинау әдісі

Жинау әдісінің сипаттамасы:
1) қағаз жеткізгіште;
2) электрондық түрде;
3) телефон арқылы сауал салу салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
4) қағаз жеткізгішті пайдаланумен интервьюердің жеке сұхбат жүргізуі кезінде;
5) дербес есептеу құрылғысын пайдаланумен интервьюердің жеке сұхбат жүргізуі кезінде.

3.5

Өлшем бірлігі

Өлшем бірліктерін жазу.

3.6

Есепті кезең

Белгілі бір күнге немесе белгілі бір уақыт кезеңіне (ай, тоқсан, күнтізбелік жыл немесе бірнеше күнтізбелік күн) қатысты айнымалылардың сипаттамасы.
Егер берілген базистік кезең нақты базистік кезеңмен сәйкес келмесе, мұндай алшақтық сипатталады.
Егер жинау ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылса, көрсеткіш қалай қалыптасатыны сипатталады.

4

Құқықтық негіз

Әкімшілік дереккөзге жауапкершілік жүктейтін және оған әкімшілік деректерді жинауға және (немесе) қалыптастыруға, статистикалық ақпаратты өңдеуге және таратуға қатысты өкілеттіктер беретін заң, нормативтік қағидалар жиынтығы немесе нұсқаулықтардың ресми жиынтығы.

5

Құпиялылық және деректерді қорғау

Әкімшілік деректерді рұқсатсыз жария ету олардың дереккөзінің мүдделеріне қаншалықты зиян келтіретінін анықтайтын қасиеті.

5.1

Құпиялылық саясаты

Дербес және құпия деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңды шаралардың немесе ресми рәсімдердің сипаттамасы.

6

Әкімшілік деректерді ұсыну жиілігі

Әкімшілік деректерді ұсыну жиілігін көрсету.

7

Әкімшілік деректерді ұсыну форматы

Әкімшілік деректерді ұсыну форматын реттейтін құқықтық актілерді немесе ресми және бейресми келісімдерді көрсету.
Әкімшілік деректерді (электронды түрде, қағаз тасығышта) ұсыну форматының сипаттамасы.

8

Құжаттаманың қолжетімділігі

Пайдаланушылар әкімшілік деректердің құжаттамасын алатын, пайдаланатын және түсіндіретін шарттар мен режимдер, яғни объектіні, жобаны, ерекшелікті, нұсқаулықты, анықтаманы немесе рәсімді анықтау немесе сипаттау үшін қолданылатын сипаттамалық мәтін.

8.1

Әдіснама бойынша құжаттама

Сипаттамалық мәтін және қолда бар әдіснамалық құжаттарға сілтемелер.

8.2

Сапа бойынша құжаттама

Әкімшілік деректердің сапасын басқару мен сапасын бағалауға қолданылатын құжаттама мен рәсімдердің сипаттамасы.

9

Әкімшілік деректердің сапасын басқару

Әкімшілік деректер сапасын басқару үшін әкімшілік дереккөздерде бар жүйе мен құрылымның сипаттамасы.

9.1

Сапаны бағалау көрсеткіштері

Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректер сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.1

Нақтылығы

Берілген әкімшілік деректердің пайдалану мақсаттарына немесе анықтамалық немесе ресми дереккөзден алынған деректерге және өлшеу нәтижесінде алынған әкімшілік деректерге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау. Оқиға әртүрлі ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтердегі Қайшылықтар (сәйкессіздіктер) анықталған кезде қалыптасады.

9.1.2

Толық болуы

Міндетті санатқа жататын атрибуттардың және деректер түрінің жазбаларында толық толтырылмауына немесе толтырылмауына байланысты қателерді сипаттау.

9.1.3

Сәйкестігі

Ұсынылған әкімшілік деректердің нормативтік құқықтық актілерге, стандарттарға немесе ресми және бейресми келісімдерге толық немесе ішінара сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.4

Тұтастығы

Ұсынылған әкімшілік деректерде деректер (жазбалар және деректер агрегаттары) арасында дұрыс емес байланыстардың болуына байланысты қателерді сипаттау.

9.1.5

Өзектілігі

Ұсынылған әкімшілік деректердің ресми статистикалық ақпаратты түзудежәне статистикалық тіркелімдерді өзектендіруде пайдаланудың ағымдағы және ықтимал қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты бұзушылықтардың болуын сипаттау.

9.1.6

Бірегейлігі

Ұсынылған бірегей әкімшілік деректерде жазбалардың дубльдерінің болуына байланысты қателерді сипаттау.

9.1.7

Сенімділігі

Анықталған шектен тыс мәндерді, мәндерді интервалдық мәндерге бақылауды, қарама-қайшылықтарды, енгізу маскаларына сәйкессіздікті сипаттау.
Әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей деректер жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен сәйкессіздіктерінің сипаттамасы.

9.1.8

Уақтылығы

Ұсынылған әкімшілік деректердің белгіленген немесе ерікті уақыт сәттеріндегі өзекті күйге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.9

Анықталмаған қателер

Деректерді басқару жөніндегі талаптарда анықталмаған қателерді сипаттау.

10

Әкімшілік деректерді салыстыра тексеру және салыстыру

Әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің мәндердің бірдей жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен алшақтық пайызын анықтау
Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін қолданбауды сипаттау.

11

Анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар

Бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстардың сипаттамасы.

12

Өндірістегі ресми статистикалық ақпараттардағы әкімшілік деректерді қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстар

Өндірістегі ресми статистикалық ақпараттардағы әкімшілік деректерді қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстардың сипаттамасы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады