Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8- тармағына сәйкес, "Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 11-3/583 "Жайсаң селолық округінде ірі қара малдарының қарасан ауруы бойынша карантинді алуға" ұсынысы негізінде, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округінің аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
      2. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 4 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4543 болып енгізілген, 2015 жылғы 29 қазандағы "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Жайсаң ауылдық округінің әкімі: Ж. Есмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады