Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 1 желтоқсандағы N 37/286 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда N 8-4-209 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 5/43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.06.12 N 5/43 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 29/279 "Балқаш қаласында мысықтарды және иттерді ұстау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 1212 болып тіркелген, 2003 жылғы 2 шілдедегі N 51-52 "Балқаш өңірі" газетінде, 2003 жылғы 4 шілдедегі N 52 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            Т. Шаталова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      01.12.2010 ж.

      "Балқаш қаласының
      ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      ММ-нің бастығы                             Әлмағанбетов Б.Ә.
      01.12.2010 ж.

      Балқаш қаласы ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Киякин Е.М.
      01.12.2010 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы
      Министрлігінің агроөнеркәсіптік
      кешеніндегі мемлекеттік
      инспекциясы Комитетінің
      Балқаш қалалық аумақтық
      инспекциясы" ММ-нің
      бастығы м.а.                               Қанатбеков И.Қ.
      01.12.2010 ж.

Балқаш қалалық
мәслихатының 2010 жылғы
1 желтоқсандағы N 37/286
шешімімен бекітілген

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ММ" деген сөздер "мемлекеттік мекемесі" деген сөздерге алмастырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес әзiрленген. Ереже Балқаш қаласының аумағында иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртiбiн реттейдi.
      Осы Ереже меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, иттер мен мысықтардың барлық иелерiне, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға қолданылады.
      2. Осы Ережеде келесi негізгі ұғымдар қолданылады
      1) жануардың иесi - иесімен келісім бойынша жалдау негізінде және басқа да ұқсас қатынастарда жануарларды күтіп ұстаумен айналысатын ит пен мысықтың иесі;
      2) ит - мөлшерiне, түсiне және басқа да белгiлерiне қарамастан сүтқоректi, қасқыр тектес үй жануары;
      3) иесiз жануарлар - тiркеуде жоқ, иелерiн анықтау мүмкiн болмаған, иелерiнен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесi немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
      4) иттер мен мысықтарды серуенге шығару - иесiнiң меншiгi болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгiленген аумақтарда серуендеуi болып табылады;
      5) мысық - мөлшерiне, түсiне және басқа да белгiлерiне қарамастан сүтқоректi, мысық тектес үй жануары.

2. Иттер мен мысықтарды тiркеуге алудың тәртiбi

      3. Жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi иттер үш айлық мерзiмiнен бастап және мысықтар екi айлық мерзiмiнен бастап "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі тiзiмдiк есепке алынуға, тiркелуге жатады.
      4. Әрбiр тiркеуден өткен үй жануарларына бiрдейлендiру реттiк саны берiледi, бұл реттiк сан оның бүкiл өмiр сүру кезеңiне сақталады. Ит пен мысықты тiркеу барысында иелерiнiң есебiнен белгiленген үлгiге сәйкес ветеринарлық құжат берiледi.
      5. Тiркеу барысында иелер осы Ережелермен таныстырылады. Жануарлар иелерiнiң Ережелермен танысқандығы тiркеу Кiтабына қол қойылумен куәландырылады.
      6. Ит пен мысықты тiркеуден өткiзу және қайта тiркеу кезiнде иелерi келесi құжаттар мен мәлiметтер беруi қажет: иесiнiң жеке басының төлқұжаты, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың туылған күнi, түрi, түсi, жынысы, лақап аты, ерекше белгiлерi немесе жануардың сипаты.
      7. Үй жануарына эвтаназия қолданылғанда немесе өлiп қалған жағдайда ветеринарлық құжат пен жетон жануар бұрын тiркелген органға немесе мекемеге тапсырылады.
      8. "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жануардың шығу (сатылу, жоғалу, өлу, басқа бiр адамға тапсырылу) жағдайларында тiркеуден шығару үшiн немесе қайта тiркеуi үшiн екі апталық мерзімде хабарлануы керек. Иелер тұрғылықты жерiн ауыстырғанда үй жануарлары екi апта мерзiмiнде тiркеледi.
      Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      9. Иттердi (үш айлық мерзiмiнен бастап) және (екi айлық мерзiмiнен бастап) мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бiр адамға тапсыру, барлық көлiк түрлерiмен қала iшiнде тасымалдау әрекеттерi құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егiлген уақыты белгiленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      10. Тұрғындарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесiлi иттердiң барлық түрлерi үш айлық мерзiмiнен бастап, құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы мiндеттi түрде егiлуi және гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiс немесе алдын-алу шаралары қолданылуы тиiс.
      11. Мысықтар туылғаннан екi айлық мерзiмнен бастап адамдар мен жануарларға бiрдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес микроспорияға қарсы егiлуге, гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiстi.
      12. Ата-аналарының жазбаша рұқсаты бар (итті өзінің атына тіркеу үшін), 14 жасқа толған тұлға иттің иесі (балуан текті иттен басқа) болуы мүмкін.
      Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      13. Егер жануардың иесi заңды тұлға болған жағдайда, мiндеттi түрде жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауға тиіс.
      Ескерту. 13 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      14. Ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшiн, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын-алу шараларын жүргiзу үшiн бөгетсiз берiлуi керек.
      15. Үй жануарының иесі дер кезінде, белгіленген уақыттарда, міндетті ветеринарлық шараларды өткізуге, жануарлардың карантиндік режимін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізуге тиіс.
      Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.08.22 N 49/379 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімдерімен.
      16. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ереженi сақтаған жағдайда жүргізіледі:
      бiр ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      бiрнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiне тиесiлi аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келiсiмiмен);
      мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтары, коммерциялық емес бiрлестiктерде және демалыс орындарында иттердi байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауiпсiздiк келтiрмейтiн және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      17. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында үш айлық жастағы төлдерді, үш мысық және ірі және орта тұқымды екі үлкен иттен артық ұстамау ұсынылады. Үш айлық жастан жоғарғы иттің және мысықтың күшіктері өздері тамақтанатын қабілетке ие болғаннан бастап қараусыз жануарларды ұстаумен және аулаумен айналысатын кәсіпорындарға немесе жаңа иелеріне тапсырылады.
      Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      18. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатахана дәлiздерiнде ұстауға болмайды.
      19. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелерi итiмен немесе мысығымен бiрге тұрақтай алады.
      20. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесiлi аумақтарда жердiң заңды иегерiнiң рұқсатымен немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына, ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиiс. Осы аумақта үлкен немесе орташа иттiң барлығы жөнiнде кiреберiсте 20х30 сантиметр көлемiндегi, иттiң суретi бар "Ит күзетедi! Охраняется собакой!" ескерту қойылуы шарт.
      21. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық–санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екiден көп иттердi ұстауға болады.

4. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың тәртiбi

      22. Иттердi тұмылдырықпен (декоративтi түрiнен басқа) және қысқа мойын жiппен (1,5 метрге дейiн), экскременттерiн жинауға арналған ыдыспен және мiндеттi ветеринарлық алдын-ала өңдеуден өткен жануарларды серуендетуге шығару, осы Ереженің 27 тармағында көрсетiлген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтiрмейтiндей етiп ертiп жүруге және серуенге шығаруға болады. Итті серуенге шығарушы тұлғаның жасы 14-тен кем болмауы тиіс.
      23. Иттердiң иелерi үнемi иттiң мойнына аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген жетон бекiтiлген қарғы бауы тағылады. Иесiнiң тiлегi бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет болуы мүмкiн.
      24. Иттердiң иелерi серуендету кезiнде 23.00. мен 06.00.сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуге тиіс
      Ескерту. 24 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 2011.08.22 N 49/379 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімдерімен.
      25. Иесi ғимараттың iшiнде уақытша болған мерзiмге, итiн қысқа мойын жiппен (1 метр) және тұмылдырықпен, өздiгiнен шешiлiп кетпейтiндей етiп байлап, басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәртiптi бұзбайтын, қозғалыстарға және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Әрине, егер ит жүргiншiлердiң жүрiп тұруына кедергi болмауы керек.
      26. Көше қиылыстары мен магистралды жолдардан өткен кезде иттiң иесi жол-көлiк оқиғаларын және иттi көлiктiң басып кетпеуiн болдырмау үшiн бас жібінен ұстауды ұсынады.
      27. Иттердiң иелерiне рұқсат етiлмейдi:
      1) жануарларды рұқсат етiлген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейiнгi және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерiнiң, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, тыйым салынған ескерту белгiсi бар жерлерде серуендетуге ("Жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Құрылыс, саулет және қала құрылыс бөлімі"  мемлекеттік мекемесі иттерді қыдыртатын орындарды белгілейді, "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлінген орындарды қоршауды ұйымдастырады);
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын жануарлармен бiрге болуға;
      3) иттерді қараусыз қалдыруға, үй жануарларымен жасыл желектерді бүлдіруге және талдарға, көшеттерге, көгалдарға зиян келтіруге тиым салынады;
      4) иттерді су жағасында қыдыртуға, көпшілік суға түсетін жерлерде, фонтандарда, су қоймаларында шомылдыруға.
      28. Тiркелген иттер мен мысықтар иесiнiң меншiгi болып табылады және кез-келген меншiк ретiнде заңмен қорғалады.
      29. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген ит немесе мысық аурулар түрiмен ауырған деп танылса, аумақтың мемлекеттiк ветеринарлық инспектордың шешiмiмен, немесе соттың шешiмiмен иесiнен алынып, жойылуы мүмкiн. Егер де ит ауру емес деп танылса, онда ол иесiне қайтарылуы тиiс.
      30. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелерi тарапынан байлаулы тұрғандарынан басқа, iлеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселелерiн жинайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
      31. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жергiлiктi атқарушы органдарымен аулаудың жағдайлары реттелген келiсiм-шарт жасаған арнайы ұйымдар тарапынан жүзеге асады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердiң техникалық қамтамасыз етiлуi аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледi.

5. Ереженiң сақталуын бақылау

      32. Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерiнiң тұрғындар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiлiк берген мемлекеттiк органдар ("Балқаш қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі және Балқаш қалалық ішкі істер бөлімі) жүзеге асырады.

6. Жануарлар иелерiнiң осы Ережелердi бұзғандары үшiн жауапкершiлiгi

      33. Ветеринарлық-санитарлық ережелерді және Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес тәртіптік жауапкершiлiк қарастырылады.
      Ескерту. 33 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/324 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады