Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Рысбек батыр және Ертай ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 тамызда № 1991 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының  бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/62 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Рысбек батыр және Ертай ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Қазыбек Тұралыұлы Азимовке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округ әкімі                        Б. Сатымбеков 

«КЕЛІСІЛДІ»:

"Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
1 тамыз 2013 жыл

Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
"Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
1 тамыз 2013 жыл

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
1 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады