Мақаншы ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 13 мамырдағы N 19 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 маусымда N 2974 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2013 жылдың 18 сәуіріндегі № 338 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Мақаншы ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жунусбеков осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Мақаншы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Иманбаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Мақаншы ауылдық округінің әкімі            С. Қалиев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
      инспекторы                                 К. Жунусбеков

      13 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады