Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылды округі әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 26 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде № 5062 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің 16.09.2015 № 31 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 130 ұсынысына сәйкес Бесарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Ұсақ малдар арасында "Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы" және "Пастереллез" ауруының анықталуына байланысты Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округiнің Бесарық ауылының аумағында шектеу iс-шаралары белгіленсін.
       "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдау сұралсын.
       Шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Бесарық ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Калменова
      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетiнiң
      Жаңақорған аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттiк
      мекемесiнiң басшысы
      И. Ахметов_____________
      "14" шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады