Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі N 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте N 3895 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі заңының 10-1 бабының 8-тармағына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольское ауылында орналасқан "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығына тиесілі учаскеде жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 15-12/138 ұсынуы негізінде округ әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында шектеу енгізе отырып ветеринариялық режимді белгілеу туралы" Комсомольский ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3673 тіркелген, "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2016 жылғы 5 сәуірде жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 11 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Ауылдық округтің әкімі Т. Байдалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады