Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында шектеу енгізе отырып ветеринариялық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 наурыздағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 наурызда N 3673 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округі әкімінің 02.09.2016 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 15-12/45 "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы тиесілі учаскеде жылқылардың ринопневмониясы бойынша шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынымының негізінде, округ әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомольский ауылдық округінің Комсомольское ауылындағы "Кашин А.В. и К" қарапайым серіктестік түріндегі фермер шаруашылығы аумағында жылқылардың ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізу кезінде шектеу енгізіле отырып ветеринариялық режим белгіленеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 4 наурыздан пайда болған қатынастарға таралады.
      Ауылдық округтің әкімі Т. Байдалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады