Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 тамызда № 7328 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 18.09.2019 № 19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 277 ұсынуы бойынша, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында малдарының сібір жарасының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім 2019 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Михалов ауылдық
округінің әкімі
Д.Бижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады