Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында карантин тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 19 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 7386 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2019 жылғы 02 қыркүйектегі № 336 ұсынуы бойынша, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында малдарының сібір жарасының анықталуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің "Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі Ольгинка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 тамыздағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7328 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д.Бижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады