Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі "Баянауыл ауданы Майқайың кенті Шөптікөл ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-20/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 1-20/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 тамызда № 6911 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 2-19/149 ұсынысы негізінде, Майқайың кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Майқайың кенті Шөптікөл ауылының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі "Баянауыл ауданы Майқайың кенті Шөптікөл ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-20/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6802 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Майқайың кентінің әкімі Е. Молдатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады