Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 50 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 24 шілдеде № 5734 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 87 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 09.10.2020 № 87 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 240 хатына сәйкес, Отырар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының шығуына байланысты Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауылдық округі әкімі Б. Төлбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады