Шектеу іс-шараларын алып тастау және Отырар ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 50 "Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 87 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 қазанда № 5833 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 348 хатының негізінде, Отырар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Отырар ауылдық округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесінде шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Отырар ауыл округі әкімінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 50 "Отырар ауыл округі, Арыс ауылы Н.Құлымбетов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5734 тiркелген, 2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауылдық округі әкімі Д. Үсетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады