Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 маусымда № 7136 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 122 ұсынысы негізінде, Тарбағатай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1 "Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6044 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 05 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай ауылдық округінің әкімі Е. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады